Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

30 градус ыстық, жаңбыр, жел: 16 мамырда Қазақстанда ауа райы қандай болады

Опубликовано:

Жаңбырлы күн
Жаңбырлы күн. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктер бүгін, 16 мамырда республика бойынша және еліміздің ірі қалалары – Алматы, Астана Шымкентте ауа райы қандай болатынын болжады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Метеорологтардың мәліметінше, бүгін Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Еліміздің оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында бұршақ жаууы мүмкін.

Синоптиктердің болжамынша, бүгін тек солтүстікте, шығыста, оңтүстік-шығыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Сондай-ақ сейсенбіде республика бойынша жел күшейіп, солтүстікте, шығыста – тұман, оңтүстікте – шаңды дауыл тұрады деп күтілуде.

Ал Қызылорда облысында, Түркістан облысының солтүстігінде, орталығында, Ақтөбе, Ұлытау облыстарының оңтүстігінде, Алматы облысының солтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Мамандардың хабарлауынша, бүгін Алматы қаласында күн көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Күндіз ауа температурасы +28...+30 градусқа дейін көтеріліп, түнде +14...+16 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 0-5 м/с.

Сейсенбіде Астанада күндіз ауа температурасы +21...+23 градусқа дейін көтеріліп, түнде +1...+3 градусқа дейін төмендейді. Елордада да бүгін көшпелі бұлт шықанмен, жауын-шашын болмайды. Желдің жылдамдығы 2-7 м/с.

Бүгін Шымкентте күндіз күн күркіреп, жаңбыр жаууы ықтимал. Десе де, үшінші мегаполисте +30...+32 градусқа дейін ыстық болып, түнде ауа температурасы +18...+20 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде. Сондай-ақ қалада жел тұрып, күндіз екпіні 15-20 м/с-қа, кей жерлерде 25 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2020677-zanbyr-ystyq-zane-qatty-zel-bugin-qazaqstannyn-aua-raiy-qandai-bolady/

pixel