Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еуроодақ елдеріне сапарлайтын Қазақстан азаматтары үшін визалық режим жеңілдеуі мүмкін

Опубликовано:

Қазақстан паспорты
Қазақстан паспорты. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Брюссельге жұмыс сапары аясында Ішкі істер бойынша Еуропалық комиссар Ильва Йоханссонмен кездесті, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігі ресми сайтында.

Ведомство мәліметінше, келіссөздер нәтижесі бойынша тараптар Қазақстан азаматтары үшін визалық режимді жеңілдету туралы ресми консультацияларды бастау жөнінде уағдаластыққа қол жеткізген.

Сондай-ақ министр Ильва Йоханссонды Қазақстанның визалық саясаты, Қазақстан тарапынан Еуроодақ (бұдан әрі - ЕО) үшін көші-қон тәуекелдерінің болмауы, Қазақстан үкіметінің заңсыз көші-қонға қарсы күрес бойынша қабылдап жатқан шаралары және осы бағыттағы жұмыстың басқа да маңызды аспектілері туралы хабардар еткен.

Өз кезегінде Ильва Йоханссон ЕO Қазақстанмен өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделі екенін және тараптардың азаматтары арасындағы байланыстарды кеңейтуге ұмтылатынын мәлімдеген.

Еурокомиссардың пікірінше, Қазақстан мен ЕО арасындағы стратегиялық әріптестіктің маңызды көрсеткіштерінің бірі тұрақты мәдени-гуманитарлық алмасуды қолдау.

"Сындарлы көзқарасы үшін еуропалық тарапқа шын жүректен алғыс білдіре отырып, СІМ басшысы визалық режимді жеңілдету қазақстандықтардың үмітіне жауап беріп қана қоймай, Қазақстан мен ЕО арасындағы ынтымақтастықтың барлық кешенін дамытуға елеулі серпін беретінін атап өтті", - делінген хабарламада.

Сыртқы істер министрлігінің ақпаратынша, 2017 жылдан бастап Қазақстан ЕО-ның барлық мемлекетінің азаматтары үшін іскерлік ынтымақтастықты, туризмді және адами байланыстарды дамыту үшін біржақты тәртіппен визасыз режим енгізген.

Визалық режимді жеңілдету қажетті құжаттар тізімін қысқартуды, визалардың ұзақтығы мен жиілігін арттыруды және тағы басқа қызметтерді қамтиды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2020708-qazaqstan-men-euroodaq-qazaqstandyqtarga-vizalyq-rezimdi-zenildetu-turaly-resmi-konsultaciyalardy-bastady/

pixel