Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда Отбасы күні аталып өтті

Опубликовано:

Атырауда Отбасы күні аталып өтті
Фото: Атырау облысының әкімдігі

Атырауда 15 мамыр - Отбасы күніне орай мерекелік шара өтті. Оған облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев қатысып, атыраулықтарды айтулы мерекемен құттықтады, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Атырауда Отбасы күні аталып өтті
Фото: Атырау облысының әкімдігі

"Бұл мерекенің елімізде, әлемде өзінің халықаралық статусы бар. Бұл мерекені тойлаудың өзіндік ерекшелігі бар. Көктемнің шуақты кезінде отбасы күні аталып отыр. Қазақта "Отан - отбасынан басталады" деген сөз бар. Мемлекеттің дамуында, қоғамның қалыптасуында ұрпақ тәрбиесінің маңызы зор. Қаламызда соңғы уақытта отбасы болып демалатын алаңдардың саны артып келеді. Осыған орай бірнеше саябақты ашу жоспарда бар. Бұл саябақ кешкі уақытта тұрғындардың жиі бас қосатын жеріне айналды. Халықтың көңілінен шыққан соң осы алаңды "Отбасы" саябағы деп атауға шешім қабылдадық. Ашылып жатқан саябағымыз құтты болсын", - дейді Жасұлан Бисембиев.

Атырауда Отбасы күні аталып өтті
Фото: Атырау облысының әкімдігі

Шара аясында жарасымды жанұяның негізін қалыптастырудағы орасан зор еңбегі үшін бірқатар мерейлі отбасы облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Атырауда Отбасы күні аталып өтті
Фото: Атырау облысының әкімдігі

Сондай-ақ Авангард ықшам ауданы Н.Тілендиев көшесіндегі алаңға "Отбасы саябағы" атауы берілді. Кейін облыс әкімінің орынбасары тұрғындармен бірге жаңадан ашылған саябаққа тал екті.

"Отбасы саябағы"
Фото: Атырау облысының әкімдігі

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2020721-atyrauda-otbasy-kuni-atalyp-otti/

pixel