Жамбыл облысында "Отбасы – аялы алақан мекені" атты іс-шара өткізілді
Жарияланған күні:

Жамбыл облысында 15 мамыр – Халықаралық отбасы күні мерекесіне орай "Отбасы – аялы алақан мекені" атты іс-шара өткізілді.
Жыл сайын 15 мамырда бүкіл әлем Халықаралық отбасы күнін тойлайды.
Атаулы күннің мақсаты – отбасы мәртебесін көтеру, қоғам назарын отбасы құндылықтарын нығайтуға аудару.

Осыған орай, Тараз қаласындағы Қ.Рысқұлбеков атындағы саябағында "Отбасы – аялы алақан мекені" атты іс-шара өткізілді.

Саябақ аумағында "Әкем, анам және мен – спорттық отбасы" атты спорттық, "Отбасы – бақыт мекені" атты сурет, жас отбасыларға арналған "Qaz IQ" интеллектуалды ойындары ұйымдастырылып, қатысушылар өзара командалық сайыста бір-біріне деген сүйіспеншілік пен құрметін көрсетті.

"Отбасы ағашы" республикалық акция аясында 75 түп ясень ағашы отырғызылды.

Іс-шараға облыста құрметке бөленген ардақты да берекелі әулеттер, өнегесі мол отбасылар қатысты. Олардың қатарында отбасылық жалпы тәжірибесі 200 жылдан асатын дәрігерлер династиясы Умаровтар отбасы, Алтынбаевтар отбасы, дүниеге 7 қыз әкеліп, 26 немере 6 шөбере сүйіп отырған бақытты жанұя Мақашевтар отбасы, азаматтық қорғау органы династиясы Ақсақаловтар отбасы, үш буынды ұстаздар жанұясы Аришевтар отбасы және өзінің 7 ұл-қызынан бөлек, қамқорлығына 7 ұл, 5 қызды алып, тәрбиелеп өсірген Ержановтар отбасы бар.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2020819-zambyl-oblysynda-otbasy-ayaly-alaqan-mekeni-atty-is-sara-otkizildi/