Таразда 12 жасар бала әкесінің көлігін рұқсатсыз айдап кеткен (видео)
Опубликовано:

Ішкі істер министрлігі әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында кәмелетке толмаған баланың Subaru автокөлігін басқарған бейнежазбаға кезіккен, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Polisia.kz Telegram-арнасына сілтеме жасап.
Ведомствоның жазуынша, автокөлік иесі анықталды.
Көлік иесінің сөзінше, бала көлікті рұқсатсыз айдап әкеткен. Ол баласының бейнежазбаны әлеуметтік желіге салғаны туралы бейхабар болған.
Ер адам ӘҚБтК-нің 612-бабының 5-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 50 АЕК айыппұл салынған.
Көлік арнайы айып тұраққа қойылды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2020973-tarazda-12-zasar-bala-akesinin-koligin-ruqsatsyz-aidap-ketken-video/