Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Анашым, сізді бір рет көрсем болды": әскерде борышын өтеп келген сарбаз жансақтау бөліміне түскен

Опубликовано:

Әскерде
Әскерде. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Таяуда ғана Ақтау теңіз жаяу әскері қатарында Отан алдындағы борышын өтеп, үйіне келген алматылық жігіт жансақтау бөліміне түскен. Туыстарының айтуынша, бірнеше отаны еңсерген ефрейтордың әлі де жағдайы жақсара қоймаған, деп хабарлайды "Алматы" арнасы.

Телеарна мәліметінше, 2022 жылдың мамырында әскер қатарына шақырылған 17 жастағы бозбала ештеңеден сезіктенбей, Отан алдындағы борышын өтеуге аттанған. Алайда жақында әскерден келген күні жағдайы күрт нашарлап, жансақтау бөліміне түскен. Жас сарбаздың ағасының айтуынша, бірінші күні 5 сағат, екінші күні 3 сағат ота жасаған. Енді тағы да ота жасалмақ.

Ағасының сөзінше, даудың басы ұялы телефоннан басталған. Төрт сарбаздың байланыс құралын ұстап отырғанын взвод командирі байқап қалады.

"Командир телефонды алып алған. Қайтадан сұраған, көңілін қимай, телефонды берген. Олар ұялы телефонды өз иелеріне беріп, командирге қайтармаған, әңгіме осыдан басталып тұр", - дейді сарбаздың ағасы.

Ағасы осыдан кейін ол сарбаздарды соққыға жығып, жазалауға тырысқанын жеткізді. Бірнеше мәрте ұрғаннан кейін бозбаланың намысы жібермей, ол да взвод командиріне қол жұмсаған көрінеді. Бірақ болған жайттан жас сарбаз қатты зардап шеккен.

Телеарна дерегінше, анасы тұңғышы осындай жағдайға тап болғаннан кейін әскери борышын өтеуге өзге ұлдарын енді жібермейтінін айтты.

"Баланың температурасы көтеріліп, дірілдеп-қалтырап, ірің кетіп қалған. Жан-жағына қарай алмайды, бәрі ісіп кеткен. Бәріміз қуанып, күтіп отырғанбыз. Есіктен кірді де, бір жарты сағаттай достарымен әңгімелесті. Барды да, сол жатқаннан жатып қалды", - деді сарбаздың анасы Венера Шаярова.

Телеарна мәліметінше, жәбірленуші қазір Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасында жатыр. Бірнеше отаны еңсерген ефрейтордың жағы сынып, әлі де жағдайы жақсара қоймаған.

"Науқас біздің ауруханаға түскенде жағдайы ауыр болды. Бірден жәрдем көрсеттік. Сол күні шұғыл ота жасалды. Бірнеше күн жансақтау бөлімінде жатып, қазір дәрігерлердің бақылауында бет-жақ хирургиясы бөлімшесінде ем алып жатыр", - деді Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасы директорының орынбасары Гүлнұр Кенжебекова.

Мәселенің анық-қанығын білу үшін Қорғаныс министрлігіне сұраныс хат жолданған

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2021029-anasym-sizdi-bir-ret-korsem-boldy-askerde-borysyn-otep-kelgen-sarbaz-zansaqtau-bolimine-tusken/

pixel