Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Антикор Кентаудың бұрынғы әкімі Рашид Аюповқа қатысты тергеуді аяқтады

Опубликовано:

Рашид Аюпов
Рашид Аюпов. Фото: instagram.com/the_rashid_ayupov

Антикоррупциялық қызмет Кентау қаласының экс-әкімі Рашид Аюповқа қатысты тергеуді аяқтады, деп хабарлайды ведомство ресми Telegram арнасында.

Ведомствоның мәліметінше, 2013 жылы ол премьер-министр кеңсесінің қызметкері бола отырып, ірі жеке меншік компаниясының меншік иесін жауапты лауазымды тұлғаларға аса ірі сомада пара беруге көндірген.

"Осы үшін құрылыс бойынша тендерде жеңісті қамтамасыз етуге уәде берді. Талап етілген соманы алып, өзіне қалдырып, ақшаның бір бөлігін Астана қаласынан жаңа үй, қымбат тұратын автокөлік және бірнеше жүк техникасын сатып алуға жұмсады.

Оның әрекеттері аса ірі көлемде пара беруге арандату және алаяқтық ретінде сараланған, тергеу сотының санкциясымен ол қамауда отыр", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс материалдары қабылданған шешімнің заңдылығын тексеру және одан әрі сотқа жолдау үшін Астана қаласының прокуратурасына тапсырылған.

Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2021064-antikor-kentaudyn-buryngy-akimi-rasid-ayupovqa-qatysty-tergeudi-ayaqtady/

pixel