Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбе облысында алаяқтық жасады деген күдікпен депутат ұсталды

Опубликовано:

Күдіктінің ұстау кезі
Күдікті. Видеодан кадр: https://t.me/afm_rk

Ақтөбе облысында аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікпен аудандық мәслихат депутатына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігінің Telegram-дағы ресми арнасында хабарланды.

Ведомство мәліметінше, шаруа қожалығы атынан шын мәнінде қолда мал жоқ болса да, субсидия алуға өтініш берген.

"Бұл азамат "Сыбаға" мемлекеттік бағдарламасы бойынша "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ 600 бас ірі қара мал сатып алуға берген несие қаражатын заңсыз алған. Осылайша, жалпы шығын көлемі 457 миллион теңгені құрайды", - дейді облыстық қаржы мониторингі агенттігінің өкілдері.

Агенттік қазіргі уақытта бұл азамат ұсталып, оған қатысты "қамау" түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалғанын атап өтті.

"Конституцияның 77 бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, адам заңды күшіне енген сот үкімімен қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп танылмайынша, ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2021123-aqtobe-oblysynda-alayaqtyq-zasady-degen-kudikpen-deputat-ustaldy/

pixel