Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысындағы әйелдер колониясынан тұтқын қашып кетпек болған

Опубликовано:

Темір тікен
Темір тікен. Көрнекі сурет: pixabay.com

Жауғашты ауылында әйелдер колониясынан тұтқын қашып кетіп, жедел іздестіру шаралары ұйымдастырылған, деп хабарлайды Алматы және Жетісу облысы бойынша Ішкі істер департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның мәліметінше, 12 мамырда сотталушы №10 мекемеден қашып кеткен. Жедел іздестіру шаралары барысында әйел мекемеге іргелес аумақта ұсталды.

Аталған факт тіркеліп, Алматы облысы Іле ауданының полиция басқармасының жедел-тергеу тобы шақырылды.

"Оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында қылмыстық-атқару жүйесі департаменті қызметтік тексеру жүргізуде, оның нәтижесінде лауазымды тұлғалар қолданыстағы заңнамаға сәйкес тәртіптік жауапкершілікке тартылады", - деді ІІД баспасөз қызметінде.

Ведомство Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жарияланбайтынын айтты.

Алматы және Жетісу облысы бойынша ІІД ресми сайтының мәліметінше, №10 қауіпсіздік мекемесі орта деңгейлі колониялар қатарына жатады. Мұнда сотталған әйелдер ұсталады. Мекеме Алматы облысы Іле ауданындағы Жауғашты ауылында орналасқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2021125-almaty-oblysyndagy-aielder-koloniyasynan-tutqyn-qasyp-ketpek-bolgan/

pixel