Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада көліктің дөңгелегі ұшып келіп аялдамада отырған қызға тиген (видео)

Опубликовано:

Қызға көліктің дөңгелегі тиген сәт
Қызға көліктің дөңгелегі тиген сәт. Видеодан кадр: instagram.com/astanovka98

Әлеуметтік желіде Астанада автокөліктің дөңгелегі тиіп, жерге құлаған қыздың видеосы тарады. Бұл жайтқа қатысы полиция пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Оқиғаның видеосы Instagram әлеуметтік желісіндегі astanovka98 паблигінде жарияланды.

Кадрдан аялдамада екі адамның отырғанын, кенет орындықта отырған қызға ұшып келіп автокөліктің дөңгелегі тиіп, салдарынан оның жерге құлағанын байқауға болады.

"Куәгерлердің айтуынша, бұл газельден немесе камаздан ұшқан дөңгелек. Ал телефон қарап отырған қыз қатты соққыдан ұшып түскен. Кадрға қарағанда, оның жанында отырған жігіт те зардап шеккен сияқты", - деп жазды пост авторлары.

Бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірген Астана полиция департаментінің мәліметінше, қызға тиген дөңгелек жеңіл автокөліктікі.

"Тексеру барысында оқиғаның биыл 27 сәуірде Абылай хан даңғылы мен Бурабай көшесінің қиылысында болғаны анықталды. Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін 18 жастағы зардап шегуші үйіне жіберілген", - деп хабарлады полиция өкілдері.

Сондай-ақ олар аталған факті бойынша полицияға шағым түспегенін және қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатқанын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2021163-astanada-koliktin-dongelegi-usyp-kelip-qyzga-tigen-policiya-oqigaga-qatysty-zauap-berdi-video/

pixel