Қазақстандық оппозиционер Жасарал Қуанышәлин дүниеден озды
Жарияланған күні:

Алматыда қоғам қайраткері, оппозициялық саясаткер Жасарал Қуанышәлин 74 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды Азаттық радиосы.
Азаттық сайтының мәліметінше, саясаткердің қайтыс болғанын белсенді Ниязбек Юсупов растаған. Қаралы хабарды Юсуповке дәрігерлер айтқан.
Жасарал Қуанышәлин 16 мамырда денсаулығы күрт нашарлап, аурухананың жансақтау бөліміне түскен.
Ниязбек Юсуповтың айтуынша, 18 мамырда түстен кейін Жасарал Қуанышәлинді дәрігерлер "жасанды тыныс алу аппаратына жалғаған, алайда жүрегі шыдамаған".
Жасарал Қуанышәлин 1994-1995 жылдары Қазақстан Жоғарғы кеңесінің депутаты болған. Кейін оппозицияға өткен. Кейінгі жылдары жақтастарымен партия құруға талпынғанымен, әділет министрлігі тіркемеген.
Сонымен қатар Жасарал Қуанышәлин - Қазақстанның демократиялық ұйымдарының ардагері.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2021169-almatyda-qazaqstandyq-oppozicioner-zasaral-quanysalin-qaitys-boldy/
Жарияланымға реакцияңыз?
Мұнда әзірге ешкім пікір қалдырмады Тағы да оқыңыздар
Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.