jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

FlyArystan ұшағын найзағай соқты: Түркістан-Ыстамбұл рейсі кейінге шегерілді

Әуедегі ұшақ
Әуедегі ұшақ. Көрнекі фото: pixabay.com

FlyArystan әуе компаниясы ұшақты найзағай соғуына байланысты Түркістан-Ыстамбұл рейсінің кешігуі туралы хабарлады. Бұл туралы әуе компаниясы ресми Telegram-дағы арнасында жариялады.

"19.05.23 сағат 13:05-те орындалатын КС7425 Түркістан - Ыстамбұл бағытындағы рейс ауа-райының қолайсыздығына байланысты, нақтырақ айтқанда оның алдында орындалған рейсте ұшақтың алдыңғы бөлігіне найзағай соғу себебінен кешіктірілді", - делінген әуе компаниясы таратқан хабарламада.

Әуе компаниясы қауіпсіздік талаптарға сай ұшаққа тексеріс жүргізілуі тиісті екенін атап өтті.

"Біз рейстердің кешігуінің және тоқтатылуының алдын алу үшін қолымыздан келгенін жасап келеміз, бірақ кейбір жағдайлар біздің бақылауымыздан тыс екеніне назарыңызды саламыз", - деді әуе компания өкілдері.

FlyArystan әуе компаниясының хабарлауынша, кешіктірілген рейс Түркістан қаласының жергілікті уақыты бойынша 19.05.23 күні сағат 17:00-де ұшады деп жоспарлануда.

FlyArystan ұшағын найзағай соқты: Түркістан-Ыстамбұл рейсі кейінге шегерілді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.