Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ІІМ семейлік тәртіп сақшысының қатысуымен түсірілген даулы видеоға қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Полицей
Полицей. Видеодан кадр: instagram.com/sergek__semey/

Әлеуметтік желіде Семей қаласы тұрғынының "полиция қызметкері 300 000 теңге бопсалады" деп айыптаған видеосы пайда болды. Бұл жағдайға байланысты ІІМ жаңалықтары Telegram-дағы арнасында ақпарат жарияланды.

"Әлеуметтік желіде Семей қаласының учаскелік полиция инспекторы 300 000 теңге көлемінде ақша бопсалағанын айтқан адамның видеосы тарап жатыр. Құзырлы органдар ақпараттың растығын тексеруіңізді сұраймыз", - делінген Instagram-желісіндегі жазбада.

ІІМ-нің бұл жайтқа қатысты хабарлауынша, 18 мамыр күні семейлік азамат мас күйінде қаладағы шағын аудандардың бірінің тұрғындарының қоғамдық тәртібі мен тыныштығын бұзған.

"Полицейлер оны учаскелік полиция пунктіне жеткізген. Әкімшілік ғимаратта аталған азамат учаскелік инспекторға көпшілік алдында жала жауып, смартфонының камерасына түсіріп алған. Бейнежазбада ол қызметкердің ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін көрінеу жалған ақпарат таратып, кейін оны әлеуметтік желіге жариялаған", - дейді ІІМ өкілдері.

ІІМ мәліметінше, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді ішкені үшін немесе қоғамдық орындарда мас күйде болғаны үшін жауапкершілікке тартудан басқа, аталған азамат ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда балағат сөздер айтқаны үшін, сондай-ақ адамды ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасады деп жалған айыптағаны үшін жауапқа тартылатын болады.

Полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 274-бабы 2-бөлігінің 3-тармағына сәйкес, 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға дейінгі қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2021304-iim-semeilik-tartip-saqsysynyn-qatysuymen-tusirilgen-dauly-videoga-qatysty-pikir-bildirdi/

pixel