Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Іздеуде жүрген шетелдік азамат Алматыда ұсталды

Опубликовано:

Ұсталған ер адам
Ұсталған ер адам. Көрнекі сурет: pexels.com / Kindel Media

Францияның құқық қорғау органдарымен іздеуде болған азамат Алматы қаласында ұсталған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ведомствоның хабарлауынша, Алматыда ұсталған шетелдік азамат Францияның құқық қорғау органдарымен іздеуде болған.

32 жастағы К. есімді азаматқа аса ірі көлемдегі алаяқтық, ұйымдасқан қылмыстық топ құру және ақшаны жымқыру бойынша айып тағылған.

"Іздеудегі азаматты Алматы қаласының көші-қон қызметі, сондай-ақ криминалдық полиция қызметкерлері ұстады. Ұсталған адам полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген хабарламада.

Жыл басында Қазақстан парламенті Қазақстан мен Франция арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсету туралы шарттың жобасын (кейін ратификацияланған) қарастырған болатын. Заң жобасында құқықтық көмек көрсетудің шарттары мен одан бас тарту тәртібін айқындайды.

"Келісім қылмыс жасағаны үшін күдіктілер мен айыпталушылардың кінәсін дәлелдеуге бағытталған процессуалдық әрекеттерді жүргізуді қарастырады. Мұндай шаралардың қатарына қамаудағы адамдарды уақытша тапсыру да кіреді", - деп түсіндірген болатын мәжіліс отырысында бас прокурордың орынбасары Әсет Шыңдалиев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2021381-izdeude-zurgen-seteldik-azamat-almatyda-ustaldy/

pixel