Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылордада жаппай төбелеске қатысқандар ұсталды (видео)

Опубликовано:

Қызылордадағы төбелес
Қызылордадағы төбелес. Үзінді кадр: t.me/POLICE_of_KZ

Қызылорда қаласында 20 мамырға қараған түні полицияға қала тұрғындарынан жас жігіттердің арасындағы төбелес жөнінде хабарлама келіп түскен, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Polisia.kz Telegram-арнасына сілтеме жасап.

20 мамырға қараған түні полиция департаментіне қала тұрғындарынан ер адамдардың арасындағы төбелес туралы хабарлама келіп түскен.

"Жас жігіттер екіге бөлініп, бір-бірімен ерегескен. Кейін жұдырықтаса бастағаны белгілі болды.

Төбелеске қатысқан 12 адамның барлығы анықталды, олар облыс орталығының 25-30 жас аралығындағы тұрғындары болып шықты. Барлығы міндетті медициналық тексеруден өткен соң, түсініктеме беру үшін полицияға жеткізілді", - делінген хабарламада.

Баспасөз жазуынша, ҚР ҚК 293 бабының 2-бөлігі бойынша тергеп-тексеру əрекеттері басталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2021387-qyzylordada-zappai-tobeleske-qatysqandar-ustaldy-video/

pixel