jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Рамазан Есмағамбетов
Рамазан Есмағамбетов
Бұрынғы қызметкер

Барак Обамаға Ресейге кіруге тыйым салынды

Барак Обама
Барак Обама. Фото: Octavio Jones / Getty Images

АҚШ-тың 44-ші президенті Барак Обама үшін Ресейге кіруге тыйым салынды. Ел шекарасына кіруге тыйым салынған адамдардың тізіміне тағы 499 ықпалды америкалық азамат кірген, деп хабарлады Ресей Федерациясының СІМ ресми сайтында.

"Біздің елдің шенеуніктері мен қарапайым азаматтарына зиян тигізу мақсатында Вашингтонның жоспары бойынша Байден әкімшілігі тұрақты түрде Ресейге қарсы енгізіп тұратын санкцияларға жауап ретінде Ресей Федерациясына кіру 500 америкалық азамат үшін жабылды", - делінген басылымда.

Басылым жазуынша, елге кіруге тыйым салынған адамдардың тізімінде АҚШ-тың экс-президенті Барак Обама сынды ықпалды тұлғалар ғана емес, әр түрлі деңгейдегі атқарушы биліктің қазіргі басшылары да, бұрынғы шенеуніктер де бар.

Сондай-ақ Ресей Сыртқы істер министрлігі Мәскеудегі АҚШ елшілігі тұтқындалған репортер Эван Гершковичпен консулдық жүздесу туралы өтінішті тағы да қанағаттандырылмағаны расталды. Себебі ресейлік журналистерге Сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың пулынан виза беруден бас тартылған.

"Нәтижесінде олар Ресейдің БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалығы аясындағы сапарында қарсы алу үшін Нью-Йоркке ұша алмады", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, өткен жылы Ресей Сыртқы істер министрлігі Ресей Федерациясына президент Джо Байденнің әйелі мен қызы Джил және Эшлидің елге кіруіне тыйым салған болатын. Ал ақпан айының соңында Ресейдің Пенза облысының губернаторы Олег Мельниченко Америка президенті мен оның отбасы мүшелерінің облыс аумағына кіретін жолын жапқан.

Барак Обамаға Ресейге кіруге тыйым салынды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.