Павлодарда Ерке мен Раимның қатысуымен өткен концертте 16 бала жоғалып кетті
Опубликовано:
Павлодарда отандық жұлдыздардың қатысуымен үлкен концерт өтіп, біраз ата-ана балаларын таба алмай қалды, деп жазады Pavlodarnews.kz.
Павлодардың орталық жағалауында қоғамдық тәртіпті полиция күзетті.
Облыстық полиция департаментінің мәлімдеуінше, концерт кезінде 16 бала жоғалып кеткен.
"Балалардың ата-аналары анықталып, өздеріне табысталды", - деді департаменттің баспасөз қызметінде.
Сонымен қатар, жағалауда түнгі сағат 23:00-ден кейін балалардың заңды өкілінсіз жүргені үшін ата-аналарға 11 әкімшілік хаттама толтырылды.
Еске салайық, Ertis Promenade сахнасындағы маусымның ашылуына 40 мыңға жуық адам жиналды.
Концертте отандық эстрада жұлдыздары Ерке Есмахан, Раим, Еркеш Хасен өнер көрсетті.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/showbiz/personal-life/2021441-pavlodarda-erke-men-raimnyn-qatysuymen-otken-koncertte-16-bala-zogalyp-ketti/