Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Үкімет 2040 жылға дейін Алматыны дамыту жоспарын бекітті

Опубликовано:

Алматы қаласы
Алматы: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Үкімет 2040 жылға дейін Алматыны дамыту жобасын бекітіп, алдағы онжылдыққа қала дамуының нақты тұжырымдамасы пайда болды. Бұл туралы Алматы әкімдігінің ресми Telegram-арнасында хабарлады.

Ведомствоның жазуынша, қалада бес жаңа полиорталық құрылады. Олардың әрқайсысы өзін-өзі қамтамасыз ететін аудан болады. Әрі өмір сүруге ыңғайлы, барлық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген іскерлік белсенділік орталықтарына айналады.

"Бас жоспарда жаңа мектептер, ауруханалар салу, жасыл аймақтарды, саябақтар мен алаңдарды көбейту көзделген. Алматыға "жасыл қала" атағы қайтарылады.

Қоғамдық көлік ыңғайлы болады. Автобустар газ бен электр тартқышқа ауыстырылады, метро желісі, ЖРК және т.б. салынады", - делінген хабарламада.

Мұның бәрі алдағы онжылдықтарда Алматының жасыл, таза, қауіпсіз және қала тұрғындары үшін жайлы болуына мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2021561-ukimet-2040-zylga-deiin-almatyny-damytu-zosparyn-bekitti/

pixel