Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандықтарды жеке сусын, тамағымен демалыс орындарына кіргізбеу заңды ма

Опубликовано:

Табиғаттағы пикник
Табиғаттағы пикник. Көрнекі сурет: pixabay.com

Елімізде кейбір демалыс аймақтарында демалушыларға сусыны мен тамағын өзімен бірге әкелуге рұқсат бермейді. Бұл заңды әрекет пе, жоқ па деген сұраққа Сауда және интеграция министрлігі тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті ресми сайтында жауап берді.

Ведомствоның мәліметінше, жазғы демалыс маусымы қарсаңында қазақстандықтардан жиі сұрақтар келіп түсуде.

Солардың бірі - демалыс орындарының шарттарына қатысты. Бұл ретте, ел тұрғындары кейбір демалыс орындарының өз аумағына сусынмен және тамақпен кіруге тыйым салуы қаншылықты заңды екенін сұраған.

Комитеттің хабарлауынша, сусын мен тамақ азаматтың жеке меншігі болып табылады және оны ешкім тәркілеуге не қолдануын шектеуге құқығы жоқ.

"Заңды түрде сатып алынған кез келген сусындар мен тамақ тұтынушының жеке меншігі болып табылады және оны ешкім шектей алмайды (ҚР Конституциясының 26-бабы 1 және 3 бөліктері)", - дейді Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің мемлекеттік саясатты қалыптастыру басқармасының басшысы Рамазан Баренов.

Басқарма басшысының сөзінше, егер адам билет сатып алса немесе демалыс орнының аумағына кіру үшін ақы төлесе, тамақ пен сусындарын бірге ала баруға құқылы, өйткені бұл жасалған шарттың нысаны болып табылады (ҚР АК 394 бабы).

"Сондай-ақ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңының 8-1-б. 2-т. 3) тт. сәйкес, тұтынушыға демалыс аймағына оның ішінде тамақ пен сусынның болуына байланысты кіруге тыйым салуға жол берілмейді, өйткені бұл әрекет тұтынушыны оның аумағында тамақ пен сусындарды қосымша сатып алуға мәжбүрлеу болып табылады", - дейді Рамазан Баренов.

Оның айтуынша, мұндай шектеулер ауызша немесе жазбаша болсын, жарамсыз деп табылады, өйткені ол туралы заңның жоғарыда аталған бабында жазылған.

"Заңның 24-бабы 3) тт. сәйкес, кәсіпкер тұтынушыға демалыс аймағының аумағына қолда бар және заңды түрде сатып алынған барлық мүлкімен еркін кіруді қамтамасыз етуге міндетті, егер заттар моральдық негіздерді бұзбаса және т.б. әсіресе мұндай тауарлар демалыс аймағының аумағында сатылса, мұндай тыйым салуға жол берілмейді.

Баяндалған құқық бұзушылықтың құрамы болған кезде тұтынушы ӘҚБтК-нің 163 бабының 2-бөлігі бойынша жосықсыз кәсіпкерді жауапкершілікке тарту үшін БҚДА аумақтық департаментіне тікелей жүгіне алады, оған сәйкес 200 АЕК-тен 1500 АЕК-ке дейін айыппұл көзделген немесе осы мәселе бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы салааралық үйлестіруші ретінде консультация және құқықтық көмек алу үшін СИМ-ның аумақтық СжТҚҚД жүгінуге болады", - дейді Рамазан Баренов.

Сонымен қатар Рамазан Баренов тұтынушыға басқа кәсіпкерлерден сатып алған тамағы мен сусынын пайдалануға тыйым салу демалыс аймағының бәсекелестікке қарсы әрекеті болып табылатындығын да атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2021600-qazaqstandyqtardy-zeke-susyn-tamaqtarymen-demalys-oryndaryna-kirgizbeu-zandy-ma/

pixel