Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда полиция көшеде қауіпті "трюк" жасағандарды іздестіріп жатыр (видео)

Опубликовано:

Қауіпті "трюк" жасаған жігіттер
Видеодан кадр: t.me/egovpress

Алматыда кешкі уақытта көшеде мопед мінген ер адамдардың видеосы тарады. Жігіттердің бірі екіншісінң көлік құралын басқарып отырған адамның арқасына шығып алған. "Трюк жасаушыларды" енді полиция іздестіріп жатыр, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

EGOV.PRESS Telegram арнасында жарияланған кадрларда екі жігіттің "трюгі" көрсетілген. Олардың бірі көлік құралын басқарып отырса, екіншісі орындыққа бір аяғымен тұрып, жүргізушінің арқасына мініп алған. Бұл ретте мопед жылдамдықпен Алматыдағы көлік көп көшелердің бірінде келе жатқанын байқауға болады.

Алматы полиция департаментінің NUR.KZ тілшісіне хабарлауынша, видеодағы ер адамдар іздестірілуде.

"Аталған факті бойынша жергілікті полиция қызметі басқармасы тексеріс бастады. Құқық бұзушылар дереу анықталып, жол ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылады", - деп хабарлады қалалық полциядан.

Назар аударыңыз! Видеода бейәдеп сөздер бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2021625-almatyda-policiya-kosede-qauipti-tryuk-zasagandardy-izdestirip-zatyr-video/

pixel