Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Елорда жастары" жеңілдетілген ипотекалық несиеге өтінім қабылдау басталады

Жарияланған күні:

Тұрғын үй бағдарламалары
Баспана алу. Көрнекі сурет: pixabay.com

"Елорда жастары" жеңілдетілген ипотекалық несиеге өтініш қабылдау 30 мамырда басталады. Бұл туралы қалалық әкімдіктің "Тұрғын үй қоры" КММ ресми сайтында хабарлады.

Тақырып бойынша жаңа жарияланым:
"7-20-25" ипотекалық бағдарламасына өзгерістер енгізілді

Ведомствоның мәліметінше, өтінімдер 30 мамыр сағат 9.00-ден бастап 6 маусым сағат 23.59-ға дейін қабылданады.

Өтінімді qatysu.zhilfond.kz портал арқылы беруге болады.

Бағдарлама аясында "Отбасы банкі" АҚ арқылы елордадағы бастапқы не қайталама нарықтан ипотекаға пәтер сатып алуға болады.

Бағдарламаның шарттары:

  • қарыздың ең жоғарғы сомасы – 18 млн. теңге;
  • бастапқы жарна– 10%;
  • жылдық паызы - 5% ;
  • несиелеу мерзімі 25 жылға дейін;

Жалпы талаптар:

  • өтінім берген сәтте жасы 35-ке толмауға тиіс;
  • соңғы 1 жылда Астана қаласында тұрақты үздіксіз атаулы тіркеудің болуы;
  • бағдарламаға қатысушының және оның отбасы мүшелерінің Қазақстан аумағында соңғы 5 жыл ішінде жылжымайтын мүлігі болмауы керек;
  • өтініш берушінің таңдалған саладағы ресми жұмыс өтілі соңғы бір жылдан кем емес;
  • жинақталған сомасы 1.8 млн теңгеден кем емес "Отбасы банк" АҚ-да депозиттік шотының болуы;
  • әрбір мүшесіне соңғы 6 ай үшін еңбек немесе кәсіпкерлік қызметтен ең төменгі күнкөріс деңгейінің 6 еселенген шамасына дейінгі кірісінің болуы керек.

Аталған бағдарламаға денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, әлеуметтік сала, ЖОО мен ҒЗИ, БАҚ қызметкерлері, Астана қаласының коммуналдық кәсіпорындарының/ мекемелерінің бейінді қызметкерлері, Астана қаласында "Жетім балалар" санаты бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған 35 жасқа дейінгі азаматтар, полиция департаменті мен төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері қатыса алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2021627-elorda-zastary-zenildetilgen-ipotekalyq-nesiege-otinim-qabyldau-bastalady/