Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлттық ғылым академиясының төрт вице-президенті тағайындалды

Опубликовано:

Ұлттық ғылым академиясы
Ұлттық ғылым академиясы. Фото: facebook.com/qazaqnas

Ұлттық ғылым академиясының вице-президенттері болып Асқар Жұмаділдаев, Ақылбек Күрішбаев, Ләззат Ералиева, Такир Балықбаев тағайындалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ғылым және жоғары білім министрлігінің Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасап.

"Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 10 мамырдағы бұйрығымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы "Ұлттық ғылым академиясы" КЕАҚ вице-президенттері болып Асқар Жұмаділдаев, Ақылбек Күрішбаев, Ләззат Ералиева, Такир Балықбаев тағайындалды", – делінген хабарламада.

Асқар Серқұлұлы Жұмаділдаев – белгілі қазақстандық математик-ғалым және қоғам қайраткері, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, ҰҒА-ның академигі. Ол математика және ғылым саласындағы жетістіктері үшін көптеген марапат пен грант алған.

Ақылбек Қажығұлұлы Күрішбаев – ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор. Осы саладағы жетістіктері үшін бірнеше рет марапатталған. Экономиканы, ғылымды және жоғары білімді дамытуға, сондай-ақ белсенді қоғамдық қызметке сіңірген еңбегі үшін "Құрмет" және "Парасат" ордендерімен марапатталған. Ол "Агробиоресурстар және экология" бөлімшесінің жұмыс тобының төрағасы болып сайланды.

Ләззат Тасболатқызы Ералиева – профессор, медицина ғылымдарының докторы, 2013 жылдан бастап "Медицина ғылымдары" секциясы бойынша Ресей жаратылыстану академиясының (РЖА) корреспондент-мүшесі. Ол 150 астам мақаланың, 2 ұлттық нұсқаулықтың, монографиялар мен әдістемелік нұсқаулықтардың, сонымен қатар 4 өнертабыс патентінің авторы. Ләззат Ералиева "Өмір және денсаулық туралы" ғылымдар бөлімшесінің жұмыс тобының төрайымы лауазымына тағайындалды.

Такир Оспанұлы Балықбаев – физика-математика ғылымдарының кандидаты және педагогика ғылымдарының докторы, сондай-ақ өз саласында айтарлықтай тәжірибесі бар профессор. Ресейдегі кәсіптік білім беруді қолдау қорының А.Г.Небольсин атындағы сыйлығының лауреаты. 2018 жылы "Парасат" орденімен марапатталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2021749-ulttyq-gylym-akademiyasynyn-tort-vice-prezidenti-tagaiyndaldy/

pixel