Елордада салынып жатқан тұрғын үйден шыққан өрт салдарынан екі жұмысшы зардап шекті
Жарияланған күні:
Бүгін, 23 мамырда Астанада жаңадан салынып жатқан тұрғын үйден шыққан өрт кезінде екі адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Басылымның хабарлауынша, зардап шеккендер - аталған нысанның екі жұмысшысы.
"Оқиға орнында "103" бригадасы зардап шегушілерді қарады. Зардап шеккендердің бірі 1991 жылы дүниеге келген азаматтың қолының 2 пайызын, ал 1992 жылы дүниеге келген екінші жұмысшының бетінің 1 пайызын күйік шалған. Зардап шегушілер дәрігерлер қарағаннан кейін ауруханаға барудан бас тартты", - дейді басылымға Астана қалалық төтенше жағдайлар департаменті өкілдері.
Еске сала кетсек, бүгін, 23 мамырда елордада салынып жатқан нысандардың бірінің аумағында өрт шыққан болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2021786-elordada-salynyp-zatqan-turgyn-uiden-syqqan-ort-saldarynan-eki-zumyssy-zardap-sekti/