Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Үш газ баллоны жарылған": Астанада Хан-Шатыр маңындағы ғимарат өртенді (видео)

Опубликовано:

Хан-Шатыр ауданындағы өрт
Хан-Шатыр ауданындағы өрт. Видеодан үзінді кадр: t.me/astanovka98

Астананың сол жағалауындағы ғимараттардың бірінде өрт шықты. Әлеуметтік желіде оқиға орнынан түсірілген кадрлар пайда болды, деп хабарлайды қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Бейнежазба Telegram Astanovka_98 арнасында пайда болды. Куәгерлер жарылыс дыбысын естігендерін айтады.

Елордалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Мұхамедханов көшесінде салынып жатқан ғимарат өртенген. Оқиға орнына екі өрт сөндіру бөлімі – жеке құрамның 19 адамы мен 4 техникасы шықты.

Куәгерлердің айтуынша, жарылыс бірнеше рет болған.

ТЖД мәліметіне сүйенсек, 3 газ баллоны жарылған және 15 рулон шатыр материалы өртенген. Өрт бүгін сағат 16:28-де шыққан және шамамен жарты сағаттан кейін сөндірілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2021758-3-gaz-ballony-zarylgan-astanada-xan-satyr-manyndagy-gimarat-ortendi-video/

pixel