Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жансейіт Түймебаевтың ұлының өліміне қатысты іс бойынша сотта куәгерлер жауап берді

Опубликовано:

Қаңтар оқиғасы кезіндегі Алматы
Қаңтар оқиғасы кезіндегі Алматы. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматыда қаңтардағы тәртіпсіздік кезінде қаза тапқан Қазақ ұлттық университеті ректорының ұлының өліміне қатысты іс бойынша куәгерлерден жауап алынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ КТК арнасына сілтеме жасап.

Телеарнаның хабарлауынша, әскери қызметкерлер қаладағы атыстың ортасында қалып, аспанға оқ атуға мәжбүр болғанын айтқан.

"Бізге тоқта деген бұйрық берді. Екінші рет "көлікке" деген бұйрық болды. Мен шанақты аштым, біз көрінбей отырдық. Біздің қасымызда ғимарат болды. Мен оның қандай нысан екенін ұмытып тұрмын. Олар біздің бағытқа қарай оқ жаудырды сол жерден", - дейді әскери бөлімнің әуе-шабуылдау батальонының командирі Жасұлан Байбарақов.

Телеарна сот отырысы Алматыдағы әскери сот ғимаратында өткенін хабарлады. Күдікті - Талдықорған қаласының десанттық-шабуылдау бригадасының 33 жастағы қызметкері. Ол әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаевтың ұлы Елнардың өліміне қатысты істе жалғыз күдікті болып отыр.

Айта кетейік, күдіктінің ұсталғаны туралы өткен жылдың күзінде белгілі болған. Оған "Ауыр зардаптарға әкеп соққан қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану" бабы бойынша айып тағылып отыр.

Еске сала кетейік, 6 қаңтар күні кешке Алматы орталығындағы тәртіпсіздік кезінде белгісіз біреулер жас жігіт отырған көлікке оқ жаудырған. Жігіт сол жерде жан тапсырған. Кейін белгілі болғандай, қайтыс болған жігіт ҚазҰУ ректорының ұлы болып шықты. Жас жігіт үйіне қайтып келе жатып, оқиға ошағына тап болған.

Дереккөз: КТК

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2021812-zanseiit-tuimebaevtyn-ulynyn-olimine-qatysty-is-boiynsa-sotta-kuagerler-zauap-berdi/

pixel