jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Қарағандыда ондаған тұрғын үй сусыз қалды

Тамшы су
Су тамшылап тұрған кран. Көрнекі фото: Рexels.com

Қарағандыда су құбырында ақау пайда болып, Сұрыптау шағын ауданы және Компанейс кентінің тұрғындары бірнеше сағат бойы суық сусыз қалды. №6 магистральдық су құбырында диаметрі 500 мм болатын жарық пайда болды, деп хабарлайды Астана арнасы.

Телеарнаның мәліметінше, 22 мамыр сағат 23:48-де №6 магистральдық су құбырында ақау пайда болды. Сұрыптау тұрғындарына су беретін полиэтилен құбырдың диаметрі 500 мм болатын бөлігі зақымдалған. Апаттың туындауына байланысты "Қарағанды Су" ЖШС түнгі сағат 1.30-да тұтынушыларға су беруді тоқтатқан. Қазіргі уақытта компанияның жұмыс бригадалары қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

"Қазіргі уақытта құбырдың зақымдану сипаты туралы ақпарат жоқ. Ауыр арнайы техниканың кіруіне мүмкіндік жасау үшін топырақ әзірлеу, су айдау, кіретін жолдарды реттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. N6 магистраліндегі полиэтилен су құбыры 2009 жылы пайдалануға берілген", - деп хабарлады "Қарағанды Су" ЖШС баспасөз қызметі.

Ал 23 мамыр күні таңертең арнайы көліктермен су тасымалданған. Компания бірінші кезекте ауруханалар мен мектептерге, сондай-ақ тұтынушыларға өтінімдер бойынша су жеткізген.

Қарағанды қаласы әкімдігінің телеарнаға берген мәліметінше, "Қарағанды Су" ЖШС ұзындығы 1116 км болатын қаланың барлық су құбырларының 768 шақырым құбырын ауыстырған. Алдағы уақытта тағы 300 шақырымнан астам құбыр ауыстырылуы тиіс.

Қарағандыда ондаған тұрғын үй сусыз қалды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.