Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алдағы үш күнде ел аумағының басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі

Жарияланған күні:

Көшедегі көліктер
Жаңбырлы күн. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктер Қазақстан бойынша алдағы үш күн, 25-27 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" ресми сайтына сілтеме жасап.

Метеорологтардың мәліметінше, республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Тек республиканың солтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Сондай-ақ мамандар Қазақстан бойынша бойынша желдің күшеюі күтіліп, еліміздің оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде шаңды дауылдар болатынын болжады.

Қазақстан бойынша алдағы үш күн ауа температурасы күндіз батыс өңірлерде +27...+35 градусұа дейін аптап ыстық болса, солтүстік-батыста ауа температурасы +25...+30 градусұа дейін көтеріледі деп күтілуде.

Ал еліміздің солтүстік, шығыс, орталық өңірлерінде термометр бағаны +18...+27 градус көрсетеді. Синоптиктердің болжамынша, оңтүстікте күндіз ауа температурасы +25...+33 градусқа дейін, ал республиканың оңтүстік-шығысында +23...+30 градусқа дейін көтеріледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2021874-aldagy-us-kunde-el-aumagynyn-basym-boliginde-zauyn-sasyn-kutiledi/