Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"396 млн теңге пара алды деп айыпталуда": Антикор "Қазселденқорғау" ісі бойынша тергеу аяқталғанын хабарлады

Жарияланған күні:

Кісен мен ақша
Ақша мен кісен. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Қазселденқорғау" мемлекеттік мекеме басшыларына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Telegram -дағы ресми арнасында хабарлады.

Ведомство мәліметінше, "Қазселденқорғау" мемлекеттік мекеме басшылары орындалған жұмыстар актілеріне қол қойғаны және жалпы қамқорлығы үшін кәсіпкерлерден жалпы сомасы 396 млн теңге көлемінде ірі және аса ірі мөлшерде пара алды деп айыпталуда.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ақпаратынша, күдіктілер тергеу сотының санкциясымен қамауда отыр.

"Қазіргі уақытта қылмыстық іс ҚР ҚПК 300-бабы тәртібінде сотқа жіберу туралы мәселені шешу үшін Алматы облысының прокуратурасына берілді. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды", - делінген агенттік хабарламасында.

Сондай-ақ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Конституцияның 77 бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық процестік кодекстің 19 бабы 1-бөлігіне сәйкес, адам заңды күшіне енген сот үкімімен қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп танылмайынша, ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп саналатынын еске салды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2021907-396-mln-tenge-para-aldy-dep-aiyptaluda-antikor-qazseldenqorgau-isi-boiynsa-tergeu-ayaqtalganyn-xabarlady/