Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тегін еңбек болмауы керек": заңгер елімізде үй шаруасын жасағаны үшін әйелдерге ақы төлеуді ұсынды (видео)

Опубликовано:

Әйгерім Құсайынқызы
Әйгерім Құсайынқызы. Видеодан кадр: Айнаline бағдарламасы

Заңгер Әйгерім Құсайынқызы кез келген еңбек бағалануы тиіс екенін, сондықтан еңбегі көзге көрінбейтін, еленбейтін үй шаруасындағы әйелдерге де ақы төленуі тиіс екенін мәлімдеді. Бұл туралы ол отандық бағдарламада айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Айналайын" бағдарламасында қонақ болған заңгер Әйгерім Құсайынқызы әйелдердің мансабына үй шаруасы кедергі жасайтынын айтып, әлеуметтік-гендерлік теңдік мәселесін қозғады.

Заңгердің сөзінше, Қазақстан дамыған 30 мемлекеттің қатарына кірсе, әйелдің үй шаруасындағы ақы төленбейтін еңбегін мойындауына тура келеді.

"Кез келген еңбек бағалануы тиіс. Бұл – Әділеттілік және халықаралық еңбек ұйымының ең қарапайым қағидалары.

Тегін еңбек болмау керек. Мысалы, Исландия, Швеция елдерінде үй шаруасы үшін әйелдердің жалақысына қосымша ақы төлеу тәжірибесі бар. Ақы жұмыс беруші мен мемлекет тарапынан төленеді", – дейді заңгер.

Әйгерім Құсайынқызының зерттеулерге сүйеніп айтуынша, елімізде әйелдер еркектерге қарағанда 3 есе артық ақысы төленбейтін жұмыс істейтін көрінеді.

"Әйелдерде үй шаруасының жүктемесінен бөлек, эмоционалдық жүктеме бар. 8 сағаттық жұмыстан кейін қажыған, шаршаған, демалмаған әйелдер ертеңіне тағы да жұмысқа барады. Соның әсерінен әйелдің еңбек өнімділігі түседі және мансабы өспейді", – дейді заңгер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2021986-zanger-ui-saruasyn-zasagany-usin-aielderge-aqy-toleu-kerek-video/

pixel