Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жұмыртқасы 10 есе пайдалы": елордалық кәсіпкер 25 мың теңгемен бөдене өсіру кәсібін қалай бастағанын айтты

Опубликовано:

Ерлан Нұрабаев
Ерлан Нұрабаев. Видеодан кадр: instagram.com/khabartv

Астаналық кәсіпкер Ерлан Нұрабаев ғаламтордан бөдене өсіру кәсібін екі жыл үйреніп, бүгінде табыс көзіне айналдырған. Бұл кәсіпті қалай бастағаны туралы кәсіпкер "Хабар" арнасындағы "Маңдай тер" бағдарламасында айтып берді.

Астаналық кәсіпкер Ерлан Нұрабаевтың "Маңдай тер" бағдарламасына берген сұхбатында бөдене өсіру кәсібін үйренуге екі жылдай уақыт кеткенін айтты. Оның сөзінше, Қазақстанда бөденемен айналысатын кәсіпкерлер аз болғасын өз бетінше ізденіп, кәсіп бастаған.

"Бөденелерді инкубатормен көбейттік. 4-5 айдың ішінде 1500 бөденеге жеткіздік. Аз жұмыртқа берген соң, "неге олай" деп ойласақ, оның 600-700 дейі еркек бөдене екен... Көп нәрсені білмедік. Қазір етін, жұмыртқасын, өзін де, балапанын да сатамыз",- дейді кәсіпкер.

Бағдарламада Ерлан Нұрабаев бұл кәсіпте табысқа жеткенше біраз қиындықтар мен ізденістер болғанын жасырмайды.

Сонымен қатар бөдене өсіруге алғашқы қаржы ретінше 25 мың теңгеге инкубатор сатып алғанын, көкшетаулық кәсіпкерден кеңес алғанын да айтты.

"Бөдене кәсібінің ұнайтыны жері - ол кішкентай болғандықтан аса үлкен шаршы метрлі аумақты да қажет етпейді. Шамалы ғана аумақта бірнеше бөдене өсіруге болады. Бөдененің иммуниетті мықты. Оның дене температурасы 38 градус яғни, жоғары болғасын бөденелер әртүрлі вирустармен ауырмайды. Көлемі тауықтың жұмыртқасынан 3-4 есе кішкентай болса да, пайдасы 10 есе көп", - дейді Ерлан Нұрабаев

Кәсіпкер бүгінде бөдене өнімдерімен Астана қаласының дүкендерін қамтамасыз етіп отырғанын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2022049-zumyrtqasy-10-ese-paidaly-elordalyq-kasipker-25-myn-tengemen-bodene-osiru-kasibin-qalai-bastaganyn-aitty/

pixel