Қазақстанда дүниеге келген егіз ұлдарға тағы да Қасым мен Жомарт есімдері берілді
Жарияланған күні:
Читать на русскомПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күнінде Ақтөбеде егіз сәби дүниеге келді. Нәрестелердің ата-анасы ұлдарына мемлекет басшысының атын қойды, деп жазады KAZ.NUR.KZ "Диапазон" басылымына сілтеме жасап.
Басылымның хабарлауынша, мемлекет басшысының туған күні, 17 мамырда егіз ұл дүниеге келді. Оларға Қасым, Жомарт есімдері қойылған.
Басылымның мәліметінше, нәрестелердің анасы 27 жастағы Ақниет - қазір бес баланың анасы. Отбасында егіз сәби алғаш рет дүниеге келген. Анасының айтуынша, Қасым мен Жомарт маусым айында дүниеге келуі керек еді, бірақ босану ерте болған.
"Босану уаұыты шамамен маусым айына белгіленген болатын, осылайша ерте болады деп ойлаған да жоқпыз. Бір бала басымен, екіншісі аяғымен келіп тұрғаннан кейін дәрігерлер кесір тілігін жасаймыз деп жоспарлаған. Бірақ келініміз дәрігер Альбина Асқарқызының көмегімен өзі босанды", - дейді егіз ұлдың әжесі Шолпан Меңдиярова.
Әжесі де ұлдардың жағдайы жақсы екенін айтты.
"Туғанға дейін біз балаларға есім таңдамағанбыз. Бізде әрқашан осылай болады: есімді сәби дүниеге келгенде қоямыз. Біз отбасымен бірге бірнеше күн аттарын таңдадық. 17 мамыр - президентіміздің туған күні. Біз ер балалар таңертең ерте дүниеге келгендіктен, оларға президенттің есімін яғни, "Қасым мен Жомарт" деп қояйық деп шештік. Осылай дүниеге келуі де ерешелілік деп білеміз. Мен балаларымыздың ғалым, тәрбиелі болып, жақсы оқып, ел игілігіне қызмет еткендерін қалаймын", - дейді әжесі Шолпан Меңдиярова.
Еске салайық, 17 мамырда президент Қасым-Жомарт Тоқаев 70 жасқа толды.
Президенттің баспасөз қызметі президенттің туған күнін тойламайтынын хабарлаған еді.
Сондай-ақ, бұл күні мемлкет басшысы Қытайға мемлекеттік сапармен барған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2022051-qazaqstanda-duniege-kelgen-egiz-uldarga-tagy-da-qasym-men-zomart-esimderi-berildi/