Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Найзағай, қатты жел: ел мегаполистерінің бірінде дауылды ескерту жарияланды

Опубликовано:

қолшатыр ұстаған тұрғын
Қолшатыр ұстаған тұрғын. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктер жұма, 26 мамырға арналған Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК ресми сайтына сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжауынша, Алматыда бүгін жауын-шашын болмайды. Күндіз сынап бағанасы +23 ...+25 ​​градусты көрсетеді, түнде ауа температурасы +11...+13 градус болады. Оңтүстік астанада желдің жылдамдығы секундына 0-5 метрге дейін жетеді.

Ал Астанада бүгінге дауылды ескерту жарияланды. Елордада найзағай ойнап, жел жылдамдығы 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с-қа күшейеді. Күндіз термометр бағанасы +20...+22 градусқа дейін көтерілсе, түнде ауа температурасы +8...+10 градусты көрсетеді.

Шымкентте күн ыстық болады деп күтілуде. Ауа райы болжамына сәйкес, мегаполисте ауа температурасы +27.. +29 градусқа дейін көтеріледі, түнде +11.. +13 градусқа дейін суытады. Желдің жылдамдығы 8-13 м/с болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2022110-naizagai-qatty-zel-el-megapolisterinin-birinde-dauyldy-eskertu-zariyalandy/

pixel