jitsu gif branding logo appbranding logo app
Қаржы

    Еңбек министрлігі: Қазақстанға ең көп еңбек мигранты Қытайдан келеді

    Жұмысшы
    Жұмысшы. Көрнекі фото: Рexels.com

    Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі елімізде жұмыс істеуге рұқсаты бар шетел азаматтары туралы деректі жариялады. Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, ең көп еңбек мигранты елімізге Қытайдан келеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Ведомствоның таратқан ақпаратына сәйкес, 2023 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 15 129 шетел азаматы еңбек етуде.

    "Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер: Қытай – 3 652 адам (24 пайыз), Өзбекстан – 1 843 адам (12 пайыз), Үндістан – 1 741 адам (12 пайыз), Түркия – 1 534 адам (10 пайыз)", – делінген хабарламада.

    Сондай-ақ министрлік қазіргі уақытта Қазақстанда шетел жұмыс күшін пайдаланатын 1 746 жұмыс беруші бар екенін атап өткен.

    Экономикалық қызмет түрлері бойынша шетелдіктер ең көп жұмыс істейтін салалар да белгілі болды. Олар: құрылыс саласында – 5 317 адам (35 пайыз); ауыл, орман және балық шаруашылығы – 1 572 адам (10 пайыз); тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 1 443 адам (10 пайыз); кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет – 979 адам (7 пайыз); өңдеу өнеркәсібі – 960 адам (7 пайыз).

    Еңбек министрлігі: Қазақстанға ең көп еңбек мигранты Қытайдан келеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.