Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда бірнеше мектепке жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама түсті

Опубликовано:

Мектептің іші
Сынып. Көрнекі фото: pexels.com

Алматының бірнеше мектебіне жарылғыш зат қойылғаны туралы хабар түсті. Алматы полиция департаменті қазір оқу орындарында саперлар жұмыс істеп жатқанын хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әлеуметтік желідегі ақпаратқа сәйкес, мегаполистегі кем дегенде үш мектепке жарылғыш зат туралы хабарлама түскен. Ал ата-аналар мектеп оқушыларының эвакуацияланғанын жазған.

Полицейлер білім ошақтарынан жарылғыш зат туралы ақпарат алғанын растады.

"Қазіргі уақытта қаланың жедел және төтенше жағдайлар қызметі келіп түскен ақпарат бойынша жарылғыш құрылғылар қойылған деген қаладағы оқу орындарын тексеруде. Сапер бөлімшелерінің комиссиялық тексеруі эвакуациясыз жүргізілуде", - деп хабарлады ведомство.

Тәртіп сақшылары алматылықтардан қабылданған шараларға түсіністікпен қарап, жалған ақпарат таратпауды сұрайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2022149-almatyda-birnese-mektepke-zarylgys-zat-qoiylgany-turaly-xabarlama-tarady/