jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Алматыда мейрамхананың жазғы алаңына ағаш құлады (видео)

мейрамхана аумағына құлаған ағаш
Мейрамхана аумағына құлаған ағаш. Видеодан кадр: t.me/qumash_kz

Алматыдағы мейрамханалардың бірінің жазғы алаңына ағаш құлады. Ағаш құлаған сәтте мұнда келушілер болған. Бұл жайтқа қатысты қалалық әкімдік пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 25 мамыр күні сағат 22:15-те Алматы қалалық Құтқару қызметіне Абай даңғылы, 21 мекенжайында орналасқан "Акунин" мейрамханасының жазғы алаңы аумағында ағаш құлағаны туралы хабарлама келіп түскен.

Хабарламадан кейін Алматы қалалық Құтқару қызметі мен Медеу ауданы әкімдігінің мамандары оқиға орнына барған және қажетті жұмыстарды күндізгі уақытта жүргізу туралы шешім қабылданған.

"Зардап шеккендер жоқ. Бүгін таңертең төтенше жағдайлар бригадасының мамандары жұмысты бастады. Олар ағаштарды кесіп жатыр. Жұмысты жеке құрамдағы 4 құтқарушы мен 1 техника жүргізуде", - дейді Алматы қаласы әкімдігінің өкілдері.

Ағаштың құлаған сәті мен оқиғаның салдары видеоға түсіп қалған. Видеолар Qumash Telegram арнасында жарияланды.

Алматыда мейрамхананың жазғы алаңына ағаш құлады (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.