Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылорда облысының прокуроры өңір тұрғындарына үндеу жасады

Опубликовано:

Нұрлан Бижанов
Нұрлан Бижанов. Фото: gov.kz

Қызылорда облысының прокуроры Нұрлан Бижанов өңір тұрғындарына үндеу жасады, деп хабарлайды Қызылорда облысы прокуратурасының ресми сайтында.

Нұрлан Бижановтың айтуынша, соңғы уақытта әлеуметтік желілер мен интернет-ресурстарында шетел және Қазақстан азаматтарын өзге елдердегі қарулы қақтығысқа шақыру туралы үгіт-насихат материалдары таралуда.

"Оның ішінде жалдамалы әскери топтар белсенді түрде адамдар жинап, азаматтарға қомақты жалақы, сыйақы төлейтіндігімен қызықтыруда. Сондықтан қарулы қақтығысқа қатысқан азаматтар үшін қылмыстық жауаптылық көзделгенін түсіндіремін", - дейді Қызылорда облысының прокуроры.

Оның сөзінше, Қылмыстық кодекстің 170-бабына сәйкес жалдамалыны азғырып көндiру, оқытып-үйрету, қаржыландыру немесе өзге материалдық қамтамасыз ету, сол сияқты оны қарулы қақтығыста, соғыс қимылдарында немесе конституциялық құрылысты құлатуға немесе оған нұқсан келтіруге бағытталған өзге де күш қолдану әрекеттеріне пайдалану не мемлекеттің аумақтық тұтастығын бұзғаны үшін мүлкі тәркіленіп, 12 жылға дейiн бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Егер осындай әрекеттер адамдардың қаза табуына немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан жағдайда 20 жылға дейiн немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Прокурор ал Қазақстан азаматының шет мемлекеттің аумағындағы қарулы қақтығысқа немесе соғыс қимылдарына қатысуы жалдамалылық белгілері болмаған кезде Қылмыстық кодекстің 172-бабы бойынша сараланатынын атап өтті. Бұл ретте, бес жылдан тоғыз жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

"Заңдылықты және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында "Прокуратура туралы" Конституциялық заңның 40-бабын басшылыққа ала отырып, азаматтарды арандатушылыққа бой алдырмауға және қолданыстағы заңнама нормаларын мүлтіксіз сақтауға шақырамын.

Құқық қорғау органдары белгіленген тәртіпке, қоғамдық қауіпсіздікке қол сұғатын кез келген құқық бұзушылықтың жолын кеседі, сондай-ақ оларға жол бермеу жөнінде заңда көзделген шараларды қолданады", - дейді Қызылорда облысының прокуроры Нұрлан Бижанов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2022226-qyzylorda-oblysynyn-prokurory-onir-turgyndaryna-undeu-zasady/

pixel