Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентке бара жатқан жас келіншек пойызда босанып қалды

Опубликовано:

Нәрестенің қолы
Нәресте. Көрнекі фото: pixabay.com

Атыраудан Шымкентке бара жатқан жас келіншектің пойызда толғағы ұстап, жолсеріктердің көмегімен қыз бала дүниеге келген. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

ҚТЖ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 25 мамырда №29/30 жолаушылар пойызы бригадасының қызметкерлері Атырау-Алматы бағытындағы жолаушыға босануға көмектескен.

"Атыраудан Шымкентке бара жатқан пойызда жас ананың толғағы басталды. Оған жолсеріктер Жанар Тасмағамбетова, Айғаным Сұлтанмұратова және Ғалия Қайырденова көмек көрсетті. Сағат 21:52-де нәресте дүниеге келді", - дейді ҚТЖ өкілдері.

Нұсқауларды орындаған жолсеріктер пойыз машинисіне хабар беріп, жақын маңдағы станциядан жедел жәрдем шақырған.

Ал Қазалы станциясына келген соң ана мен баланы дәрігерлер қабылдап алған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2022247-symkentke-bara-zatqan-aiel-poiyzda-bosanyp-qaldy/

pixel