Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Енді елімізде жұмыс орнынан анықтаманы онлайн алуға болады

Опубликовано:

Телефон ұстап тұрған ер адам
Телефон ұстап тұрған ер адам: pxhere.com

Қазақстанда азаматтарға қашықтан еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде тіркелген еңбек шарттары туралы мәлімет алуға мүмкіндік беретін Enbek HR мобильді қосымшасы іске қосылды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми сайтында хабарлады.

Мобильді қосымша еңбек ресурстары порталымен толық синхрондалған.

"Қызметкерлер Enbek HR мобильді қосымшасында жеке кабинетте өздерінің еңбек шартын көре алады, жұмыс орнынан анықтама және жеке ісінен ақпарат жүктей алады – фото, жеке куәлік, паспорт деректері, білімі, еңбек қызметі туралы мәліметтер, 075/Е медициналық анықтама, психо/нарко/туб. диспансерлердегі есеп мәліметтері және тағы басқалар", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ қазақстандықтар қосымша арқылы немесе порталдағы жеке кабинетте жұмыс берушіге электронды жеке ісі үшін қажет дербес деректерге қол жеткізуге келісімін бере алады.

Еңбек шарты бойынша ескі мәліметтер анықталған кезде қызметкер еңбек шартының деректерін өзгертуге, еңбек шартын бұзу туралы ақпарат енгізуге я болмаса мүлдем алып тастауға сұраным жіберуге мүмкіндігі бар.

Қосымшаның қызметтерін пайдалану үшін смартфон қолданушысында мобильді азаматтар базасында тіркелген телефон нөмірі болуға тиіс. Қызметкер бұрын порталда тіркелген болса, мобильді қосымшада қайта тіркелудің қажеті жоқ, порталға логин және пароль арқылы авторизациядан өтіп, кіруге болады.

"Enbek HR қосымшасы мен hr.enbek.kz порталы – Электронды еңбек биржасының цифрлық жұмыспен қамту экожүйесінің бөлігі. Бұл экожүйе азаматтарды кәсіби жолында мамандық таңдаудан бастап еңбек қатынастарын рәсімдеуге дейін сүйемелдейді. Бір есептік жазбасы бар азамат порталда немесе Enbek.kz қосымшасында жұмыс таба алады немесе мемлекеттік қызметтер мен жұмыспен қамту шараларын ала алады, Skills.Enbek.kz онлайн-оқыту платформасында жаңа дағдыларды үйренеді, Business.Enbek.kz порталында бизнес ашуға мемлекеттік грант ала алады", - деп түсіндірді министрліктің баспасөз қызметінде.

Мобильді қосымша PlayMarket және AppStore платформаларында тегін жүктеледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2022255-endi-elimizde-zumys-ornynan-anyqtamany-onlain-aluga-bolady/

pixel