Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"100-120 мың теңгеге өмір сүру өте қиын": Атырау жарық" АҚ жұмысшылары жалақысын көтеруді талап етті

Опубликовано:

"Атырау жарық" АҚ қызметкерінің униформасы
"Атырау жарық" АҚ қызметкерінің униформасы. Фото: KTK телеарнасы

Атырау облысында "Атырау жарық" компаниясының Жылыой ауданындағы филиалының қызметкерлері жалақының төмендігіне наразы және еңбекақының мөлшерін 50 пайызға көтеруді талап етуде. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Телеарнаның ақпаратынша, компаниядағы қызметкерлердің жалақысы 96 мың теңгеден басталады. Ал қызметкерлердің басым бөлігі жас азаматтар.

Тұрғындар жалақы мөлшері азық-түлік алуға да әрең жететінін айтты.

"Кілең жастар жұмыс істейді. Ал алған жалақысы әрі кетсе 120-ға (мың - ред.) баратын болар. Тапқан айлығымыз шайлығымызға жетпейді. Бәрінің бала-шағасы, несиесі, балабақша, мектеп, киім-кешегі бар. 100-120 мың теңгеге өмір сүру өте қиын", – деді компания қызметкері Айгүл Тайпанова.

Телеарнаның хабарлауынша, Жылыой ауданы электр торабының басшысы бірнеше рет жиын жасап, бұл мәселе жедел шешілмейтінін ескерткен. "Атырау жарық" АҚ президенті Мейірбек Ғұбашовтың айтуынша, компания тек тарифты көтеру арқылы ғана жұмысшылардың еңбекақысын өсіре алады.

"Атырау жарық" АҚ-да 1400-дей адам бар. Барлығын есептегенде 1 маусымнан бастап 20 пайызға жалақыны көтереміз. Басқа техника және т.б. қарамайды, тек жалақыны көтеріп жатырмыз. Жұмысшылар 50 пайыз, 100 пайыз сұрайды. Бізге ешкім 50 пайыз, 100 пайызға тариф көтермейді. Оны да түсіну керек", – деп түсіндірді Мейірбек Ғұбашов.

Дереккөз: КТК

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2022262-100-120-myn-tengege-omir-suru-ote-qiyn-atyrau-zaryq-aq-zumyssylary-zalaqysyn-koterudi-talap-etti/

pixel