Министр мәдениет саласы қызметкерлерінің жалақысы қашан 100 пайызға өсетінін айтты
Жарияланған күні:
Отандық бағдарламада Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов мәдениет саласы қызметкерлерінің жалақысы өсетінін айтты. Мәдениет саласындағы өзгерістер туралы министр "Хабар 24" арнасындағы "Бетпе-бет" бағдарламасында хабарлады.
Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов белгілі тележурналист Берік Уәлиге "Бетпе-бет" бағдарламасында берген сұхбатында мәдениет саласындағы қызметкерлердің жалақысы туралы сұраққа жауап берді.
"Өзіміздің министрлікке қарасты 20 мың қызметкер бар. Солардың жалақысы биылдан бастап 23 пайызға өсті. Ел көлемінде, ауданға дейін жалақы өсті. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Кемелұлының тікелей тапсырмасы бар. Енді осы 3-4 жылдың ішінде жалпы мәдениет, өнер саласы қызметкерлерінің жалақысы 100 пайызға өседі", - деді министр.
Сонымен қатар министр отандық бағдарлама барысында 2029 жылға дейін кинотеатрларда көрсетілетін отандық фильмнің үлесі 35 пайызға жететінін атап өтті.
"Қазір отандық фильм үлесі 10-12 пайыз. Қалғаны шетелдің киносы. Тағы бір жаңалық - жылына әлемдік деңгейдегі 15 фильмді қазақ тіліне аудару көзделіп отыр",- деді Асхат Оралов.
Бұдан бөлек Асхат Оралов мәдениет саласындағы жұмыс тұжырымдамасы өзгеретінін айтты. Сондай-ақ министр Париждегі Лувр музейінде 2026 жылы қазақ мәдениетінің тарихы жайында көрме ұйымдастыру жоспарланғанын жеткізді
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2022301-ministr-madeniet-salasy-qyzmetkerlerinin-zalaqysy-qasan-100-paiyzga-osetinin-aitty/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.