Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресейде екі қазақстандық кеденшіге пара бергені үшін сотталды

Опубликовано:

Сот балғасы
Сот балғасы. Көрнекі фото: Рixabay.com

Алтай өлкесінің аудандық соты қазақстандықтарға айыптау үкімін шығарды, олар Кеден қызметкеріне 4 мың доллар (1,77 млн теңге) көлемінде пара ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Алтай кеденінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан азаматтарын Алтай кеденінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ұстағаны хабарланды.

Ведомствоның мәліметінше, екі ер адам "Ташанта" кеден бекетінің қызметкеріне автокөліктерді белгіленген тәртіппен рәсімдемей, Ресей аумағы арқылы Моңғолиядан Қазақстанға өткізгені үшін ақшалай сыйақыны өзі тапсырған.

Сот қазақстандықтарды Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің 291-бабының 4-бөлігінің а,б тармақтарымен қарастырылған "Бір топ адамдармен алдын ала сөз байласу арқылы лауазымды тұлғаға саналы түрде заңсыз әрекеттер жасағаны үшін үлкен көлемде пара беру" бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп таныды. Олардың әрқайсысына 1 миллион рубль (5,62 миллион теңге) көлемінде айыппұл салынды.

"Қазіргі уақытта Алтай Республикасының Қосағаш аудандық сотының үкімі заңды күшіне енген жоқ", – деп қосты ведомстводағылар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2022331-reseide-eki-qazaqstandyq-kedensige-para-bergeni-usin-sottaldy/

pixel