Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада монша кешенінде ірі өрт шықты (видео)

Опубликовано:

Монша кешеніндегі өрт
Өрт. Видеодан кадр: Іnstagram.com/astana_sergek

Астанада монша кешенінің шатыры өртенді. Өрттің жалпы ауданы 300 шаршы метрді құрады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ елорда ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Astana_sergek Instagram парақшасында өрттің видеосы пайда болды. Видеоның сипаттамасында монша кешенінің өртке оранғаны айтылған.

Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен NUR.KZ тілшісіне хабарлағандай, төтенше жағдай кеше, 27 мамыр күні ЖМ Железнодорожный, Жабаев көшесі, 64/2 мекенжайында болған.

"Сағат 15:17-де Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру бөлімшелері ЖМ Железнодорожный, Жабаев көшесі, 64/2 мекенжайындағы өрт туралы келіп түскен хабарламаға барды.

Өрт сөндірушілер келгеннен кейін шеберханаға іргелес жатқан монша кешенінің шатырының ашық жанып жатқаны анықталды", – деді ведомствода.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрттің жалпы ауданы 300 ш.м. болған. Сонымен қатар, қойманың шатыры мен төбесі 100 шаршы метр аумаққа опырылған.

"Сағат 16:20-да өрт сөндірушілер өртті анықтап, 16:47-де ауыздықтады", – деп толықтырды ведомство.

Төтенше жағдайлар департаменті оқиғадан ешкім зардап шекпегенін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2022344-astanada-monsa-keseninde-iri-ort-syqty-video/

pixel