Ұлттық статистика бюросы: Қазақстанда қанша шипажай бар
Жарияланған күні:

Жаз маусымына санаулы күндер қалды. Жазғы демалыс қарсаңында Ұлттық статистика бюросы ресми Telegram-арнасында Қазақстан шипажайлары туралы мәлімет ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Бюроның хабарлауынша, 2022 жылдың соңында ел аумағында 172 санаторлы-курорттық ұйым болған.
Оның ішінде 109 – санаторий, 27 – оңалту орталығы, 9 – профилакторий, 7 – мамандандырылған және басқа да санаторийлер.
"Курорттық ұйымдардың саны бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр. Онда 72 ұйым жұмыс істейді. Одан әрі Ақмола облысы – 13, Алматы қаласы мен Қызылорда облысында – әрқайсында 11 демалыс орнынан", – делінген хабарламада.
Сауықтыру ұйымдарының басым бөлігі жеке бизнеске тиесілі, яғни жалпы саны 127 болса, мемлекетке – 42 тиесілі, шетелдік меншікте – 3.
Шипажайлардың 66-сы қала аумағында болса, 106-сы ауылды жерде орналасқан.
Бюро өткен жылы шипажайларда 380 мың адам сауықса, оның 60 пайызы – әйелдер екенін жазған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2022346-ulttyq-statistika-byurosy-qazaqstanda-qansa-sipazai-bar/