Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде кейбір әлеуметтік төлемдердің мөлшері 14,5 пайызға өседі

Опубликовано:

Ақша
Ақша. Көрнекі фото: NUR.KZ/ Владимир Третьяков

1 шілдеден бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін еңбек ету қабілетінен және асыраушысынан айырылуына байланысты берілетін әлеуметтік төлемдердің мөлшері өседі. Бұл туралы үкіметтің ресми сайтында хабарланды.

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес 1 шілдеден бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін еңбек ету қабілетінен және асыраушысынан айырылуына байланысты берілетін әлеуметтік төлемдердің мөлшері 14,5 пайызға ұлғайтылады. Премьер-министр Әлихан Смайылов үкіметтің тиісті қаулысына қол қойды", - делінген хабарламада.

Үкімет басшысының баспасөз қызметінің мәліметінше, еңбек ету қабілетінен айырылуына байланысты әлеуметтік төлемдермен 92 мыңға жуық адам, асыраушысынан айырылуына байланысты берілетін әлеуметтік төлемдермен 61 мың отбасы қамтылады деп жоспарланып отыр.

Айта кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жоғарыда аталған санаттағы тұлғаларды қолдау шараларын күшейту қажеттігін осы жылдың 29 наурызында өткен VIII шақырылымдағы парламенттің бірінші сессиясының ашылуында айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2022379-elimizde-enbek-etu-qabiletinen-asyrausysynan-aiyryluyna-bailanysty-beriletin-aleumettik-tolemderdin-molersi-osedi/

pixel