Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте онлайн режимде порнография таратумен айналысқан топ жетекшісі 12 жылға сотталды

Опубликовано:

Жалдамалы пәтердегі веб-студия
Онлайн порнография таратқан жалдамалы пәтердегі веб-студиясы. Фото: polisia.kz

Шымкентте сот интернет арқылы порнография таратумен айналысқан трансұлттық қылмыстық топты ұйымдастырған адамды 12 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Polisia.kz ақпараттық-медиа порталына сілтеме жасап.

Ақпараттық медиа-порталдың мәліметінше, 2021 жылдың шілдесінде криминалдық полицияның жедел өкілдері әлеуметтік желіге жүргізген мониторинг барысында онлайн трансляция жасайтын порностудияны анықтаған болатын. Полицейлер бұл ақпаратты зерттеп, жарты жыл ішінде барлық қажетті жедел-іздестіру шарасын жүргізген.

Нәтижесінде тергеушілер Алматы, Астана және Шымкент қалаларындағы күдікті деп танылған тұрғындардың ізіне түсіп, оның ішінде 5 Қырғызстан және 5 Қазақстан азаматы бар екенін анықтаған.

Ведомство хабарлауынша, полиция департаментінің қызметкерлері оларды үш мегаполистегі жалдамалы пәтерлерде қолға түсірген. Тінту кезінде күдіктілерден 44 мың АҚШ доллары көлемінде ақша, Алматыдағы жылжымайтын мүлік, сондай-ақ есірткі де тәркіленген. Ірі қалалардағы жалдамалы пәтерлерде жабдықталған 10-нан астам веб-порностудиялар бар екені анықталды. Онда 50-ге жуық қыз жұмыс істеген, оның ішінде екеуі кәмелетке толмаған.

"Аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу Қылмыстық кодекстің бес бабы бойынша 9 айдан астам уақыт бойы жүргізілді.

Бұл онлайн режимде жұмыс істеген Қазақстандағы порностудияны анықтаудың алғашқы жағдайы екенін атап өткім келеді. Осы қылмыстық істің бірегейлігі мен күрделілігін ескере отырып, ол полиция департаменті мен прокуратура басшылығының ерекше бақылауында болды. Тергеу барысында тергеу басқармасының аса маңызды істер жөніндегі екі тергеушісі жұмыс істеді. Олар іс жүзінде қылмыскерлердің осы қылмыстарға қатысы бар екендігі туралы дәлелдер жинады. Сотқа дейінгі тергеу барысында тергеушілер куәгер ретінде 50-ден астам адамнан жауап алды",- дейді Шымкент қаласы ПД тергеу басқармасы бастығының орынбасары Талғат Әбуов.

Талғат Әбуовтің сөзінше, 25 жастағы Қырғызстан азаматы осы трансұлттық қылмыстық топты ұйымдастырып, басқарған. Ол ұйымдасқан қылмыстық топтың әрбір мүшесінің міндетін өзі бөліп беріп, қылмыстық топтың барлық мүшесі белгілі бір тәртіпке сай әрекет еткен. Негізінен жоғары жалақыны уәде етіп, тұрмысы төмен отбасынан шыққан келбеті сүйкімді қыздарды жұмысқа алған. Әрбір қыз белгілі бір қатаң ережелерге бағынып, оны бұзған жағдайда үлкен айыппұлдар төлеген.

ІІМ мәліметніше, 2022 жылдың мамыр айында тергеушілер істі айыптау қорытындысымен бірге сотқа жіберген. Өз кезегінде сот қылмыстық іс материалдарын зерделеп, 2023 жылдың сәуір айының соңында үкім шығарды. Сот үкімі бойынша ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі Әлішер Шаршеналиев қылмыстық жолмен табылған мүлкі тәркіленіп, 12 жылға бас бостандығынан айырылды және қылмыстық топтың мүшелері 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2022432-symkentte-onlain-rezimde-pornografiya-taratumen-ainalysqan-top-zeteksisi-12-zylga-sottaldy/

pixel