Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Семейде полиция қызметкері өрт шыққан пәтерден мүгедектігі бар тұрғынды құтқарды (видео)

Опубликовано:

Мүгедектер арбасы
Мүгедектер арбасы. Көрнекі сурет: pixabay.com

Семейде полиция қызметкері мүгедектігі бар тұрғынды өрт шыққан пәтерден аман алып шықты. Бұл туралы Polisia.kz ақпараттық медиа порталы хабарлады.

Ақпараттық медиа-порталдың хабарлауынша, 15 мамыр күні сағат 18:53-те "101" пультіне Докучаев көшесінде өрт болып жатқаны туралы хабарлама келіп түскен.

Сол уақытта жеке автокөлікпен жұмыстан үйіне қайтып бара жатқан Абай облысы ДП ӘПБ әкімшілік практика бөлімінің бастығы Ернұр Кұтамбаев көпқабатты үйде қатты түтін шығып жатқанын байқаған.

"Полиция қызметкері өрт сөндіру бөлімшелері әлі келмегенін түсініп, азаматтарға өз бетінше көмек көрсетуді шешкен", – делінген хабарламада.

Полицейлер оқиға орнына келген кезде көпқабатты тұрғын үйдің алтыншы қабатында балкон ашық жалынмен жанып жатқанын көрген. Кіреберісте де қатты түтін болған.

"Полицейге бейтаныс жасөспірім келіп, пәтерде мүгедек адам бар екендігін, өз бетінше қозғала алмайтындығын айтқан. Көміртегі тотығымен улану қаупін түсініп, ол осы үйдің бір тұрғынынан көмек сұрап, жоғарғы қабатқа қарай жүгіріп, екеуі ер адамды тұрғын үйден сыртқа алып шыққан", - делінген хабарламада.

Ақпараттық порталдың мәліметінше, мүгедектігі бар азаматтың өрттен құтқарылуы туралы полиция департаментінің баспасөз қызметіне кездейсоқ белгілі болған.

Мүгедектігі бар азаматты құтқарған полиция қызметкері болған оқиға жайлы ешкімге хабрламаған. Полиция қызметкері Ернұр Құтамбаев өз әрекетін батырлық деп санамайтынын айтады. Ернұрдың сөзінше, сол бар болғаны оқиға орнында дер кезінде болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2022475-semeide-policiya-qyzmetkeri-ort-syqqan-paterden-mugedektigi-bar-turgyndy-qutqardy-video/

pixel