Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда үш ауданның тұрғындары уақытша ыстық сусыз қалады

Опубликовано:

Раковина
Раковина. Көрнекі фото: Рexels.com

Маусым айында Алматының Жетісу, Медеу және Түрксіб аудандарында ыстық су беруде уақытша шектеулер енгізіледі. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомствоның хабарлауынша, қазандықтарға жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты аталған аудан аумағында орналасқан бірқатар тұрғын үй және өзге де ғимараттарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін су беру уақытша шектеледі.

"Алматыжылукоммунэнерго" мекемесінің мәліметінше, шектеулер төменде аталған көшелер мен тұрғын үй алабында шектеледі:

5 маусымнан 9 маусымға дейін:

  • Свердлов – Таштитов – Хабарвоская – Орджоникидзе көшелері;

5 маусымнан 16 маусымға дейін:

  • Лавренев – Дөнентаев – Жұлдыз-2 шағын ауданы (ішінара);

12 маусымнан 16 маусымға дейін:

  • Сүйінбай – Беляков – Казакпаев – Кожедуб көшелері;
  • Кассин – Буденный – Бехтерев – Жұмабаев көшелері;
  • Клара Цеткина – Қостанай – Спасская – Нұрсая шағын ауданы;

12 маусымнан 23 маусымға дейін:

  • Рихарда Зорге – Чехов – Молдағалиева – Ақан Сері көшелері;

19 маусымнан 23 маусымға дейін:

  • Элеваторлық – Щелково – Сүйінбай даңғылы;
  • Таласская – Кассин – Дулатов – Монтин көшелері;

26 маусымнан 30 маусымға дейін:

  • Шахтинск– Демченко – Атбасар – Аяз би көшелері;
  • Рысқұлов – Буровая – Құлжа трактісі – Атырау-1 шағын ауданы;
  • Шекспир – Эйхе – Жайсан – Терешкова көшелері.

Мекеме тұрғындардан уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұрайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2022485-almatyda-us-audannyn-turgyndary-uaqytsa-ystyq-susyz-qalady/

pixel