Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бұл – жалған": Смадияров Қазақстан жерлерін Қытайда сату туралы хабарландыруға қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Егістік жер
Егістік жер. Көрнекі фото: Рexels.com

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров бүгін ведомствода өткен брифингте қазақстандық жерлерді сату туралы Қытайдағы хабарландыруларға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

БАҚ өкілдері СІМ өкілінен қазақстандық жерлерді Қытай интернет-алаңдарында сату туралы хабарландыруды арандатушылық деп санауға бола ма деп сұрады.

"Бұл хабарландыру бойынша біз, әрине, Қытай тарапымен тиісті жұмыс жүргіздік. Біздің Бейжіңдегі елшілігіміз Қытайдың Сыртқы істер министрлігіне ақпарат жеткізді. Мында біз Астанада орналасқан Қытай елшілігінің назарына жеткіздік", – деді Айбек Смадияров.

Оның айтуынша, қазақстандық ауыл шаруашылығы жерлерінің саудасы туралы хабарландыру пайда болған Қытай сайты қазақстандық тегін хабарландыру сайттарының типі бойынша жұмыс істейді.

"Қалаған адам жарнама орналастыра алады. Көрсетілген нөмірге қоңырау шалып едік, жұмыс істемейді екен. Бұл жалған хабарландыру, сондықтан сіз айтқандай, арандатушылық болуы мүмкін", – дейді Смадияров.

Смадияров қазақстандықтарды мұндай хабарландыруларға сенбеуге шақырды.

"Сол күні Қазақстан ауыл шаруашылығы министрлігі жерге қатысты пікір білдіріп, Конститутция бойынша оның сатылмайтынын, жалға берілмейтінін (шетелдіктерге – ред) айтты. Сондықтан алаңдауға негіз жоқ.

Сіздер соңғы үш аптада байқаған шығарсыздар – президенттің ҚХР-ға сапарына дейін және сапардан кейін әлеуметтік желілерде қандай да бір ақпараттық шу басталды. Қазір ол жоқ, кенеттен бәрі тоқтады", – деп түйіндеді сөзін СІМ ресми өкілі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2022510-bul-zalgan-smadiyarov-qazaqstan-zerlerin-qytaida-satu-turaly-xabarlandyruga-qatysty-pikir-bildirdi/

pixel