Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында 57 жастағы азамат туған қыздарын зорлады деген күдікке ілінді

Жарияланған күні:

Жолда тұрған қыз
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматы облысы Бөлек ауылының 57 жастағы тұрғыны туған қыздарын зорлады деген күдікпен қамауға алынды. Бұл туралы "Алматы" арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Әкесінен қорқып келген олар аудио-видеожазбалар жинап. басқа қалаға бас сауғалауға мәжбүр болған.

Туған қыздарын зорлады деген күдікке ілінген азамат қазір Еңбекшіқазақ ауданындағы полиция басқармасында қамауда отыр.

"Аталған дерек Қылмыстық кодекстің 121-бабының 4-бөлігі "Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері" бойынша екі қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі уақытта қылмыстық құқық бұзушылық фигурантының қатысуымен аса ауыр қылмыстар жасалған мән-жайды жан-жақты, толық және объективті зерттеуге бағытталған барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", – деді Алматы облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің басшысы Ернар Сайдилдин

Күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамауға алынған. Ал әзірге туған әкесінен зорлық көрді деген қыздар полицияның қорғауында болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2022531-almaty-oblysynda-57-zastagy-azamat-tugan-qyzdaryn-zorlady-degen-kudikke-ilindi/