Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Шығын көлемі 500 млн теңге": Ақмола облысында шетелден әкелінген 62 автокөлік заңсыз есепке қойылған

Опубликовано:

Ішкі істер министрлігі
Ішкі істер министрлігі. Фото: t.me/POLICE_of_KZ

Ақмола полиция қызметкерлері 500 млн теңге сомасына заңсыз есепке қою фактісін анықтаған. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің Telegram арнасында хабарлады.

Ведомствоның ақпаратынша, мамыр айының ортасында Ақмола облысы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Ақмола облысының "Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы" ҰАҚ ішкі қауіпсіздік қызметімен өзара іс-қимыл жасай отырып, жалған құжаттарды пайдаланып, шетелден әкелінген 62 автокөлік құралын есепке заңсыз қою фактісін анықтаған.

Шығын көлемі 500 млн теңгені құрады.

Полиция департаментінің мәліметінше, бұл факт ҚР ҚК 385 бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген.

"30 жастағы жігіт анықталып, оның іске қатысы тексерілуде. Бұл іс экономикалық тергеу департаментіне жолданды. Полицейлер тексеруді жалғастыруда", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2022695-sygyn-kolemi-500-mln-tenge-aqmola-oblysynda-setelden-akelingen-62-avtokolik-zansyz-esepke-qoiylgan/

pixel